Израиль армиясының сәрсенбі күні Батыс жағалауындағы бірнеше қалалар мен ауылдарда басталған әскери операция кезінде бес палестиналық көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Батыс жағалаудағы Дженин қаласының жанындағы Израиль әскери күштерімен қақтығыс болып, екі палестиналық қаза тапты.
Бір күн бұрын Рамалла мен Вифлеем маңындағы Сильвадада Израильдің қауіпсіздік операциясы кезінде тағы үш палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды WAFA палестиналық ақпарат агенттігі.
Жеке мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың бірі 20 жаста, екіншісі 14 жаста болған. Дженинде өлтірілген палестиналықтардың бірі өткен жылы Гильбоа түрмесінен қашып, ел бойынша іздеу нәтижесінде ұсталған тұтқындардың бірі Айман Камажидің ағасы болғаны хабарланды. ЦАХАЛ (Израиль қорғаныс күштері) бұл операция өткен аптада Тель-Авивте болған, үш израильдіктің өмірін қиған атыс салдарынан болды деп мәлімдеді.
Вифлеемге жақын жерде Израиль әскери күштері Әл-Хадер қаласының мэрі Ясир Сбайхтың үйіне басып кіріп, оның баласын лаңкестік әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен қамауға алды.
Өткен тәулікте Иерусалим мен Рамалла аймағында лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен бұрын сотталып босатылғандар да ұсталды.