24 қар, 2023 сағат 14:24

Израиль мен ХАМАС арасында уақытша бітім басталды

Фото:depositphotos.com

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату режимін бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

Израиль мен палестиналық ХАМАС радикал тобы арасындағы төрт күндік гуманитарлық бітім Астана уақытымен сағат 11:00-де күшіне енді.

Осы уақыт ішінде кепілге алынған израильдік 50 және палестиналық 150 тұтқын - әйелдер мен кәмелетке толмағандар босатылуы керек.

Қатар делдал бола отырып қол жеткізілген келісімге сәйкес, ХАМАС лаңкестік ұйымы кепілге алған алғашқы 13 адам Астана уақытымен сағат 20:00-де босатылады. Израиль жұмада кепілге алынғандардың аты-жөнінің алдын ала тізімін алғанын растады.