Фото: Павлодар облысы ПД
Полиция бұған дейін Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтірді деген күдіктілерді анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың анасы кісі өлтірді деген күдікке ілінді.
"Жедел іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған, 2015 жылы туған Давыдова Милананың жоғалып кетуінің мән-жайы мен себептері анықталды.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен анасы мен оның танысын ұстады, ер адам әйелдің өтінішімен қылмыстың ізін жасырған.
Ұсталғандар қылмысын мойындады" - делінген хабарламада.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді. Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылықтары бар" - делінген хабарламада.