Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгір ауылдық округінде ит талаған 9 жастағы баланың жағдайы туралы дәрігер мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қалалық балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенованың айтуынша, оқушы аман, қазір ауруханада жатыр.
«Ата-анасының қалауымен бала біздің орталыққа жеткізілді. Оқушыға қабылдау бөлімінде құтыруға қарсы иммуноглобулин салып, бөлімшеге жатқыздық. Келгендегі жағдайы орташа ауыр болды. Қазір бала орташа ауырлықта. Бірақ, динамикада жағдайы тұрақталған және құтыруға қарсы вакцинасы схема бойынша салынып жатыр. Дәрігерлердің бақылауында. Хаттама бойынша ем жасалады. Қазіргі уақытта баланың өміріне қауіп жоқ», - деді дәрігер.