17 жел, 2020 сағат 09:40

Испанияда қозғалған «орыс мафиясы» ісі бойынша Қазақстан азаматы ұсталды

Испанияның полиция қызметкерлері 23 адамды ұстады. Олардың ішінде Қазақстан азаматы да бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, ұсталған азаматтар «орыс мафиясының» ақшасын жылыстатқан адамдар ретінде күдікке ілінген. 

«Ондағы полиция қызметкерлері істің мән-жайын хабарламай отыр. Бірақ бұл іс - «Шығыс Еуропа мафиясына» қарсы кейінгі жылдардағы ең ірі операция. Ұсталғандардың «иерархиялық деңгейі жоғары» екені белгілі болып отыр», - делінген хабарламада.