29 нау, 2022 сағат 13:06

Ішкі нарыққа жеткізілетін мұнай бағасын жасырын реттеу бар - агенттік


ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов еліміздегі мұнай өнімдері нарығындағы негізгі қатысушылар арасында бәсекелестік жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отын-энергетика кешені, көлік және байланыс нарықтарын таңдау олардың жалпы ішкі өнімге қосқан үлесіне, бағаның өзгеруіне және нарық қатысушыларының шағымдарына негізделген. Барлық базалық тауар нарықтарында жоғары шоғырлану байқалады. Мұнай өнімдері, табиғи газ, электр энергиясы, көлік және байланыс нарықтарына негізгі қатысушылардың үлесі 70 пайыздан асады. Осылайша, тауар нарықтарының монополиялық құрылымы қалыптасты. Гарвард мектебі өкілдерінің пікірінше, саланың жұмыс істеу нәтижесі сатушылар мен сатып алушылардың әрекеттеріне байланысты. Олардың әрекеті саланың құрылымымен анықталады. Сондықтан нарықтар жетілмеген. Оларды түзету үшін мемлекеттің қатысуы талап етіледі. Дара кәсіпкерлікті реттеуден бастап кәсіпорындарды иеленуге дейін», - деді Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол мұнай және мұнай өнімдері нарықтарына тоқталды. 

«Мұнай және мұнай өнімдері нарығының негізгі қатысушылары - тігінен интеграцияланған екі компания. СНПС және ҚазМұнайГаз ішкі нарыққа жеткізілетін мұнайдың 80%-ын өндіреді, 3 ірі мұнай өңдеу затына және жанар-жағармай құю станцияларының негізгі бөлшек сауда желілеріне ие. Олардың арасында бәсекелестік жоқ. Бөлшек саудада екеуі де нарықтағы ағымдағы бағаларға немесе іс жүзінде олардың белгіленген бағаларына назар аударады. Ішкі нарыққа жеткізілетін мұнай бағасын жасырын реттеу қолданылады. Ішкі нарыққа жеткізу үшін іріктеп алынатын мұнай көлемі қандай да бір өлшемдерді қолданбай айқындалады», - деді Рустам Ахметов.

Оның айтуынша, көтерме сауда нарығында екі негізгі мұнай жеткізуші бар. Олар - Петросян және ҚазМұнайГаз. Егер ҚазМұнайГаз - 100% мемлекеттік компания болса, онда Петросанның 50%-ы СНПС-ке, ал қалған жартысы - жеке компанияға тиесілі. 

«11 млн тонна мұнай өнімдерінің үштен екісі тікелей бөлшек сауда желілеріне, үштен бірі, әдетте, қандай да бір инфрақұрылымы жоқ қайталама көтерме сауда жеткізушілеріне сатылады. Қазақстандық отын қауымдастығының деректері бойынша СНПС тобына кірмейтін тәуелсіз жанармай құю станциялары желілері немесе ҚазМұнайГаз делдалдардан мұнай өнімдерінің жетіспейтін көлемін алады: Гелиос - 65%, Газпром Нефть-Қазақстан - 80%, ұсақ желілер - 90% дейін. Осылайша, мұнай өнімдері нарығында делдалдардың екі буыны жұмыс істейді - мұнай жеткізушілер (Петросан және ҚазМұнайГаз алу-берушілері) және көтерме саудада жеткізушілер, әдетте, олармен аффилирленген және инфрақұрылымы жоқ. Соңғы буын артықтау. Мұнай жеткізушілердің маржасы 30%-ға, ал үлестес делдалдар 10-15% - ға жетеді», - деді агенттік өкілі.

Өз кезегінде МӨЗ-де мұнай өңдеудің бірыңғай технологиялық циклын бөлшектеу практикасы қалыптасты. АМӨЗ-де газ сақтау паркі, Павлодар МӨЗ-де мұнай өнімдерін байыту және тасымалдау бойынша инфрақұрылым іске асырылды. Олардың жалпы технологиялық циклден шығарылған қызметтері мұнай өнімінің құнын арттырады. 

«Бөлшек сауда нарығында екі негізгі желі бар - Petro Retail (бұрынғы ҚазМұнайГаз), Sinooil нарықтағы негізгі үлеске ие. Sinooil тікелей өзінің үлестес Petrosun компаниясынан, Petro Retail - осы желінің бұрынғы меншік иесі - ҚазМұнайГаз компаниясынан көлемдерді сатып алады. Қалған желілер мен ұсақ АЖҚС көлемінің кемінде үштен бірін делдалдардан сатып алады», - деп түсіндірді ол.