04 нау, 2024 сағат 13:53

Үнзила Шапақ: "Интернеттегі алаяқтықтың артуы халықтың қаржылық және құқықтық сауатының төмендігінен"

Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ интернеттегі алаяқтық бойынша қылмыстардың артуына халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығының төмендігі айтарлықтай әсер етеді деп мәлімдеді. Бұл туралы "Ұлт Ақпарат" тілшісі хабарлайды.


"Азаматтар көбінесе оларды жасау тәсілдері мен қауіпсіздік шаралары туралы білмейді, нәтижесінде олар алаяқтардың қулықтарына түседі. Бүгінгі таңда, мұндай қылмыстардың көпшілігі жалған сайттар, мессенджерлер және әлеуметтік желілер арқылы жасалады. Азаматтар алаяқтардың арзан тауарлар, тез байыту туралы айла-амалдарына тап болады және күдікті операциялар туралы хабарлаған банк қызметкерлеріне сенеді. Нәтижесінде олар үлкен сомадан айырылады, тек өткен жылы ғана осындай тәсілдермен 21 млрд. теңге ұрланған. Бұл-азаматтардың банктік жинақтары және оларға ресімделген кредиттердің сомасы", -деп отыр депутат.

Айта кетейік, депутаттардың айтуынша 2023 жылы 21-мыңнан астам осындай қылмыс түрі тіркелген.