Фото: ашық дереккөз
Ішкі істер министрлігі мессенджерлерде тарап жатқан мигранттар мен балаларды ұрлау туралы «ескерту» жалған ақпарат екенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Министрлік мұндай хабарламаны таратпағанын атап өтті. Азаматтарға тек ресми дереккөздерге сеніп, тексерілмеген мәліметті бөліспеу керектігі ескертіледі.
- Күдік тудыратын жағдай болса, дереу 102 нөміріне хабарласу қажет.
- Естеріңізге саламыз, көрінеу жалған ақпарат тарату – заң бойынша жауапкершілікке әкеледі.
