20 мау, 2022 сағат 17:37

ІІМ: 30 граната атқыш әлі де қылмыскерлердің қолында

Иллюстрация: ©РИА Новости

Қылмыскерлердің қолында 2 мыңнан астам қару, оның ішінде 30 граната атқыш бар. ІІМ қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруды қайтару жұмыстары туралы мәлімет бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгінде қылмыскерлердің қолында көп қару-жарақ қалып отыр, бұл ұрланған қарудың 2 мыңнан астам данасы, оның ішінде 30 граната атқыш, 2 пулемет, 122 автомат және 379 тапанша бар. Бұл елеулі қауіп төндіреді, өйткені қылмыскерлер оны кез келген уақытта бейбіт тұрғындарға қарсы қолдана алады", - деп хабарлады ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов ОКҚ брифингінде.

Әділовтің айтуынша, бүгінде полицейлер 1 626 қаруды - 10 граната атқыш, 6 пулемет, 160 автомат, 113 дана ойық қару, 361 тапанша мен 253 граната, сондай-ақ 41,1 мыңнан астам оқ-дәріні тауып, тәркілеген.