Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ өткен жұма күні жолдасы Эдинбург герцогы Филипп дүниеден өткеннен кейін қызметін атқаруға қайта кірісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" BBC News-ке сілтеме жасап.
Елизавета ІІ патшалық рәсімдерді ұйымдастыратын Уильям Пилдың лорд-камергердің қызметінен кету салтанатына қатысты.
Уильям Пил өзінің отставкаға кететіні туралы былтыр хабарлаған еді. Ол бұл қызметте 14 жыл жұмыс істеген. Оның орнына МИ-5-тің бұрынғы басшысы Эндрю Паркер келеді. Ол патшайым билігі кезіндегі сегізінші лорд-камергер атанбақ. Қазіргі күні патшаның отбасы екі апталық аза тұтуда. Герцогтың жерлеу рәсімі сенбі күні Виндзор сарайында өтеді. Отбасы мүшелері «өз қызметтеріне сай міндеттерін атқаруда» делінді.
Жексенбі күні патшайымның ұлы Эндрю ІІ Елизавета туралы күйеуінің қазасына байланысты «кеудесі өксікке толғанын» айтқан еді. Ол «патшайым біз күткендей өте мықты адам екенін көрсетті» деп қосты.
Сенбі күні түстен кейін жоспарланған жерлеу рәсімі коронавирус пандемиясы салдарынан шағын, жинақты өтеді. Дегенмен Букингем сарайынан мәлім еткендей, бұл герцогтың өз тілегінен туындаған.
Сонымен қатар BBC News Сассекс герцогы Гарри Ұлыбританияға әйелі Меган Марклсыз ұшып келгенін хабарлайды. Оған дәрігерлер үйде қалуға кеңес берген.