Коллаж: Tengrinews.kz
Алматылық өртсөндірушілер Hotel Plaza Almaty қонақүйінен 57 адамды құтқарды. Өрт төменгі қабатта орналасқан саунадан шыққаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына 19 мамырда сағат 22:21-де ТЖД бастығы Руслан Қасыбаев бастаған өртсөндірушілер барған.
"Келген соң бірінші өрт сөндіру бөлімшесі 22:26-де өрт төменгі қабаттағы саунадан шыққанын анықтады. Барлық қабатқа түтін тараған, бұл оқшауланған бөлмелердегі адамдардың өміріне қауіп төндірді.
Қонақтар қонақүй терезелерін көмек сұрады. Оқиға орнында жедел штаб жұмысы жүргізілді, екі жауынгерлік учаске құрылды", - деді ТЖД қызметкері.