ҚР Премьер - Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шараларының басты бағыттарын түсіндіру үшін Қостанай облысында жүр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жұмыс тобының құрамына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылығы істері бойынша Комитет төрағасы М.Жайымбетов, «Nur Otan» партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов кірді.
Гүлшара Наушақызы Қостанай облысының Затобол поселкінде халықпен кездесуінде әлеуметтік қолдау бойынша шаралар халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының табысын арттыру мен қолдауға, тұрғын-үй мәселелерің шешуге, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсартуға бағытталғанын баса айтты.
Облыста «Бақытты отбасы» жобасы сәтті іске асырылуда. 2 мыңнан астам отбасыға материалдық көмек көрсетілді, сонымен қатар өңір жебеушілерімен 14 көпбалалы отбасыға үй мен пәтерлер сатып алынды. Г.Н. Әбдіқалықова 8 баланы тәрбиелеп отырған Шәкіровтер жанұясымен кездесті. Оларға жоба шеңберінде қайырымдық жасаушылар көмегімен «БК-Строй» ЖШС салған пәтер сыйлыққа берілді.
Г. Әдіқалықова осы аудандағы Затобол поселкесі мен Мичурин ауылында тұратын көпбалалы отбасыларға кіріп шықты. Қорытынды бойынша ол облыс басшылығына олардың мәселелерін шешу бойынша бірқатар тапсырма берді. Мектеп жасындағы 6 баласы бар Михайловтар отбасына шатырды жөндеу және терезелерді ауыстыруға көмек жасалады.
Бұдан басқа, вице-премьер Жұмыспен қамту орталығы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын тексерді. 2018 жылы ХҚКО қызметкерлерімен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 2 899 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жұмыс соңында Қостанай облысының Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қарастырылды. Жалпы, ауданда жұмыспен қамту шараларымен 100 мыңнан астам адам қамтылды, 1135 адамға және 185 отбасыға жұмыс қолы жетіспейтін аудандарға ерікті көшіп келуге көмек көрсетілді.
2018 жылы техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды дайындауға 950 мың адам бағытталды, 1653 адам қысқа мерзімді оқытуды өтті, оның ішінде 1454 адам жұмысқа орналастырылды. Өз ісін ашып және кеңейтуге 1021 микрокредит, оның ішінде 933-і ауылдық жерде берілді. Кәсіпкерліктің негіздері «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 2311 адам оқытылды, оның ішінде 1474 адам бизнес-жобаларын қорғады, 660 адам микрокредиттер алды. 2018 жылдан бастап мемлекеттік гранттар ұсынылады. Бастапқы бизнесті бастау үшін 118 астам грант беріледі.
Отырыстың қорытындысы бойынша аудандағы Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған нақты шаралар қатары әзірленді.
Қостанай облысындағы жұмыс сапары жалғасуда.