Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" КММ лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компания басшылығына қатысты, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы "Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада" нысандары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын нақты орындалмаған міндеттер үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру деректері бойынша Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде соталды тергеп-тексерулер жүріп жатыр.