30 нау, 2022 сағат 16:00

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істің мән-жайы белгілі болды


Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайына қатысты істің мән-жайы белгілі болды. Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге) бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша соталды тергеу басталғаны хабарланған болатын. Ол 2 айға қамауға алынған еді.