Фото: Polisia.kz
Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылында автокөліктерді заңсыз иемденуге байланысты ірі алаяқтық дерегі анықталды. 33 және 34 жастағы екі ер адам 13 автокөлікті иемденіп, жалпы сомасы 314 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген, деп хабарлайды Ult.kz.
«Олар Қытай азаматының автокөліктерін Грузияға жеткізіп береміз деп уәде беріп, 6 көлігін алып кеткен. Кейін көлік тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкердің 7 көлігін Беларусь Республикасына жеткізуі керек болған», - деп жазды Polisia.kz.
Кейбір көлік Шымкент пен Жамбыл облысына жеткізіліп сатылған. Қалған көліктер Алматыда арзан бағада өткізілген.
Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдіктілер қамауға алынды.
