9 сәуір күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу Жапонияның Сайтама қаласында өтеді.
Айқас DAZN платформасындағы әлемнің 200-ден астам елінде тікелей көрсетіледі (Жапония, Оңтүстік Корея және Қазақстаннан басқа).
Головкин – Мурата жекпе-жегін Қазақстанның қай телеарнасы көрсететіні әзірге белгісіз.
Сондай-ақ DAZN трансляциясы Сингапур, Малайзия, Таиланд, Индонезия, Гонконг, Макао, Моңғолия және Филиппин елдерінде эксклюзивті болмайды.
Еске салайық, қазір Геннадий Головкин командасымен бірге Жапонияда жүр. Оны журналистер мен фанаттар әуежайдан ыстық ықыласпен күтіп алды.
Боксшылар орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдар үшін жұдырықтасады.