21 там, 2023 сағат 18:55

Генерал-майор Берік Біләлов кінәлі деп танылды

Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы генерал-майор Берік Біләлов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот үкімі бойынша, Біләловке бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сондай-ақ, ол 10 жылға мемлекеттік қызметте, сот билігінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, басқа да мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан айырылды.

Бұрынғы жоғары лауазымды полиция қызметкері жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ, сот Президент атына Біләловті "II дәрежелі Даңқ" орденінен және полиция генерал-майоры атағынан айыру туралы ұсыныс енгізді.