Фото:gov.kz
Полиция басшысы Серік Күдебаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Талдықорғаннан ауылына кетіп қалған. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өңір әкімі 5 қаңтарда Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев комендант болғанын, ол облыс әкімдігі ғимаратындағы жағдайды бақылауда ұстай алмағанын атап өтті. Әкімдік, облыстық Полиция департаменті мен қалалық әкімдік ғимараты басып алынған.
"Соңында азаматтық билік олармен (бүлікшілермен - еск.) жеке қалды. Мен ІІД (Полиция департаменті - еск.) басшысын іздедім. Оны таңға таяу Талдықорғаннан 300 шақырым жерден таптым. Ол Қаскелеңнің маңындағы туған ауылына кетіп қалған. Мен: "Неге кетіп қалдың?" дегенімде. "Басым жарылды, аяғым ауырады, отбасымды алып кеттім" деп жауап берді", - деді Қанат Бозымбаев.