14 ақп, 2022 сағат 14:01

Геберт шағымы: Ұлттық құрама Олимпиадан оралғаннан кейін тексеру жүргізіледі


Фристайлдан ұлттық құраманың бұрынғы спортшысы Александр Геберт шағымына қатысты тексеру спортшылар Бейжің Олимпиадан оралғаннан кейін жүргізіледі.

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Бас прокурорының міндетін атқарушы Берік Асыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сәйкес, Геберт Ұлттық шаңғы қауымдастығының хаты негізінде фристайл-могулдан ұлттық команданың штаттық құрамынан шығарылған. Дегенмен, министрлік тарапынан фристайлшы Геберт шағымы бойынша тексеру жүргізілмеген. Бұл мәселені министрлік еліміздің ұлттық құрамасы қысқы Олимпиададан оралғаннан кейін қарайтын болады», - делінген Берік Асыловтың жауабында. 

Айта кетейік, 2021 жылдың қазан айында фристайлдан ұлттық құраманың бұрынғы спортшысы Александр Геберт өз бапкерін алым-салық жинады, біліксіздік танытты және құрамадан заңсыз шығарды деп айыптаған еді.