Ресейдің "Газпром" компаниясы Еуропадағы клиенттеріне "өздеріне мүлде қатысы жоқ себептерге байланысты" газды уақытылы жетізіп беретініне кепілдік бере алмайтыны туралы хабарлады. Бұл жөнінде компания хатына сүйенген Reuters пен Bloomberg жазды.
Әңгіме Германия мен оның төңірегіне газ айдайтын "Солтүстік ағым - 1" құбыры туралы болып отыр. Агенттік мәліметіне қарағанда, "Газпром" хаты осыдан төрт күн бұрын келген, алайда онда 14 маусымнан бергі газ жөнінде сөз болған.
Energy Aspects Тревор консалтинг компаниясының өкілі Сикорскидің сөзіне қарағанда, форс-мажор туралы хабарландырудың өткен күнмен белгіленгені - "Газпромның" 21 шілдеде "Солтүстік ағым - 1" құбыры арқылы газды қайта айдауды жоспарлап отырмағанын білдіреді. 21 шілдеде аталған газ құбырының жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталуға тиіс болатын.