© AP Photo / Abed Abu Reash
Al Jazeera Палестина денсаулық сақтау өкілдеріне сілтеме жасап, Израильдің Газа секторындағы әрекеттері салдарынан қаза тапқандар саны 493 адамға жеткенін хабарлады, - деп жазады Kazinform агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
2750-ден астам адам жарақат алған.
БҰҰ мәліметінше, Газа секторында 123 мыңнан астам босқын бар.
Палестиналық содырлар мен Израиль арасындағы қақтығыс басталғалы Газа секторында 123 мыңнан астам адам ел ішінде қоныс аударған.
«123 538-ден астам адамға негізінен қорқыныш, қауіпсіздік және үйлерінің қирауы салдарынан ел ішінде қоныс аударуғатура келді», - делінген БҰҰ гуманитарлық агенттігінің мәлімдемесінде.
Осы арада Палестина денсаулық сақтау органдары Газадағы қаза тапқандар санын жаңартты: олар 436 адамға жетті, оның ішінде 9 бала бар.