Алматы қаласының прокуратурасы оңтүстік өңірде сұйытылған мұнай газын сатуда басым бөлігіне ие (нарықтағы үлесі 76,9%) "Petrosun" ЖШС қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Осы жағдайды теріс пайдалану және автогаз бағасының шекті деңгейін жасанды түрде қымбаттату фактілері анықталды. Нәтижесінде көрсетілген кезеңдегі жанармай құны тауардың бір тоннасы үшін 323,8%-ке дейін өсті", - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.
Аталған факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 221-бабының екінші бөлігі (монополиялық қызметті теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сотқа дейінгі тергеу аясында компания мемлекет бюджетіне 2,2 миллиард теңгені өз еркімен қайтарды.
Прокуратураның хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа мәлімет қазіргі уақытта жария етуге жатпайды.