15 қыр, 2021 сағат 11:53

Ғани Хамзин Мәжіліс депутаты болды


Ғани Хамзин "Ақ жол" партиясынан Мәжіліс депутаты болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін біздің қатарымызға тағы бір депутат қосылып отыр. «Ақ жол» партиясының тізімі бойынша Ғани Болатұлы Хамзин Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелді. Осыған байланысты Конституциямыздың 51-бабының 6-тармағына сәйкес Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді», - деді төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин.

Өз кезегінде, жаңа депутат палатаның жалпы отырысында ант берді.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, маған сеніп тапсырылған депутаттың жоғары міндеттерін адал орындауға ант беремін", - деді Хамзин.

Сондай-ақ, Ғани Хамзин Экология және табиғатты пайдалану комитеті құрамына сайланды.