Фото:instagram.com/treyyingst
Франциядағы Прокуратура Fox News агенттігінің франко-ирландиялық операторы Пьер Закржевскидің өліміне қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Закржевски мен украиндық продюсер Александра Кувшинова Киевтің сыртындағы Горенкада оқ жаудырған әскерилердің қолынан қаза тапты.
"Терроризмге қарсы прокуратура халықаралық құқықтың қорғауындағы адамға қасақана зиян келтіргені және соғыс қимылдарына қатыспаған азаматтық тұлғаға қасақана шабуыл жасағаны үшін тергеу жұмыстарын бастайтын болады", - делінген хабарламада.