Елордада Forte Kulanshi ArtSpace галереясы барлық келушілеріне есігін айқара ашады. «Мұғалім және оқушы» экспозициясы бейнелеу өнеріндегі ұрпақ сабақтастығын көрсетуге арналған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Біз келушілерді өнер әлеміне енгізіп, оларды әр елден келген шеберлердің жұмыстарымен таныстыруға тырысамыз. Жаңа көрме біздің өміріміздің басты процестерінің біріне арналған - бүгін біз мұғалімдердің әр адамды тәрбиелеу мен дамыту үдерісіндегі рөлі туралы айтамыз. Банк ретінде біз бәріміз үшін қиын карантиндік уақытта өнерге қолдау көрсете алғандығымызға, өнер кеңістігінде жұмыс істей алатынымызға өте қуаныштымын», - деп атап өтті ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.
Бүгінгі буын арасында тәжірибе алмасудан басқа, көптеген туындылардың лейтмотиві - отбасындағы бейбітшілік пен тыныштықты сақтау идеясы, сондықтан туындылардың тақырыптары отбасылық көріністерді, қала мен ауылдың күнделікті өмірін, туыстары мен достарының портреттерін бейнелейді.
Көрменің кураторы, доктор Лейла Махат атап өткендей, ұсынылған жұмыстардың барлығы дерлік карантин кезеңінде жасалған және олар экспозицияға конкурстық негізде таңдалған.
«Бұл біз үшін ерекше жоба болды, мұндай көрме Қазақстанда бұрын-соңды болған емес. Авторлардың құрамына 15 суретші-мұғалім және 20 студент кіреді. Іріктеу кезеңінде біз жас авторларға сенім арттық және бұл процестің өзі өте қарқынды өтті. Студенттерден, оқытушылардан, түлектерден жүздеген өтініштер келіп түсті. Сонымен, экспозицияның ең жас авторлары, 15-16 жастағы колледж студенттері Бұл ретте туындылардың негізгі үлесі шығармашылық сипатқа ие және оқу бағдарламасының бөлігі болып табылмайды, бұл бағдарламада мәлімделген әрбір автордың өз ойын толық білдіру еркіндігін айқындады», - деп бөлісті Лейла Махат.
ҚазҰӨУ-дің өнер факультетінің деканы Ғайни Мұхтарова көрмеге қатысушылардың арасында республикалық және халықаралық платформаларда бұрыннан танылған таланттардың бар екендігіне назар аударды: олардың арасында «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері, Нұрсұлтан Назарбаев қорының лауреаттары бар.
«Мұғалім мен оқушы» көрмесі 21 наурызға дейін жалғасады. Турлар арнайы форматта, барлық эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес, үш тілде өткізіледі. Kulanshi ArtSpace сайтында көрсетілген нөмірлер арқылы жазылуға болады.