Финляндияның VR Transpoint теміржол компаниясы (жүк тасымалы бойынша VR мемлекеттік теміржол операторының еншілес құрылымы) 27 наурыздан бастап Ресей пойыздарын қабылдамайды.
"Ресей теміржолына салынған санкцияға байланысты шығысқа қарай қозғалу әзірге мүмкін емес, VR Group Батыстың санкциясын орындауға міндетті", – дейді VR Transpoint президенті Мартти Коскинен.
Финляндиядан Ресейге баратын жолаушылар пойызының тоқтайтыны 25 наурызда хабарланған. Екі елді жалғастырып тұрған Allegro пойызы 28 наурыздан бастап тоқтайды. Компания өкілінің пікірінше, Allegro пойыздарын әрі қарай пайдаланудың қажеті жоқ, өйткені Ресейден кеткісі келетін финдердің бәрі бұл уақытта кетіп қалған.
Ресей Украинаға басқыншылық бастағалы АҚШ пен оның одақтастары Ресейдің ірі компаниялары мен банкирлеріне, кәсіпкерлеріне және Ресей шенеуніктерінің түрлі санкция салған. Сондай-ақ, Еуропа одағы "Ресей теміржолына" 26 ақпанда санкция салған.