Қазақстандықтар арасында «жылдам» несиелердің танымалдылығы қаржылық қызметтер нарығында әртүрлі пайыздық ұсыныстарды ғана емес, сонымен қатар несиелеудің ең қолайлы шарттарын таңдауға көмектесетін әртүрлі несиелік қызметтерді де тудырды. Дегенмен сіз оларды ақылмен пайдалануыңыз керек – келісімшарттың шарттарын мұқият оқып шығыңыз және жеке деректеріңізді тек ең сенімді және сыннан өткендерге сенім білдіріңіз.
Несие қызметі – несие беруші мен қарыз алушы арасындағы делдалдықтың өзінше бір түрі. Несие алуды рәсімдеу үшін несие қызметінің сайтында бір өтініш қалдыру жеткілікті және сіз ол қызметтесетін барлық қаржы ұйымдарынан (МҚО) ұсыныстар аласыз.
– Несиелік қызмет – қаржы ұйымдарының шарттарын білу үшін өз бетінше бірнеше МҚҰ-ға хабарласқысы келмейтіндер үшін қолайлы құрал. Сіз бір өтініш толтырсаңыз, сізді МҚҰ-ның өзі табады. Дегенмен, олардың мұндай қызметтері ақылы келеді, сондықтан жеке деректеріңізді қалдырмас бұрын келісімшарттың талаптарын оқып шығыңыз, – деп атап өтеді Financer.com-ның несие және жеке қаржы саласындағы сарапшысы Евгения Николаевская.
Олар көбінесе «несие таңдау» үшін комиссия ретінде әр 5 күн сайын қарыз алушының картасынан автоматты түрде ақша алып отырады, ал тариф бөлек төленеді. Осылайша, сіз 2 келісімшарт жасайсыз – біріншісі несие табуға көмектесетін қызметпен, екіншісі, шын мәнінде, осы несиені беретін МҚҰ-мен. Ал несиені рәсімдеудің өзінде белгілі бір қауіптілік болса, бұл мәселеде делдалдарға жүгінуде – екі есе қауіптілік.
Әзірге бұл сала ешқандай заңнамалық актілермен реттелмегендіктен, алаяқтарға тап болу мүмкіндігі бар. Ондай жағдайда сіз несиені таңдау және рәсімдеудің орнына жаңа қаржылық мәселелерге тап болуыңыз мүмкін.
Адал ниетті делдалдар жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретіндегі ресми тіркеуінің болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, олар микроқаржы ұйымдарымен және банктермен ресми келісім бойынша жұмыс істейді, ал алатын комиссия мөлшері, әдетте, несиенің 10 пайызынан аспайды. Бұл ретте, несиенің 100% мақұлдануына сізге ешкім кепілдік бермейді. Ал алаяқтар несие тарихына және басқа да мәліметтерге қарамастан несие алып беруге батыл уәде беріп, кейде өз қызметтері үшін несие сомасының 50% дейін алады. Төлем алынған соң клиенттерге Интернеттен жүктеп алынған несиелік ұсыныстардың тізімі ғана жіберіледі.
Сондықтан несиелік қызметтің жұмыстарын пайдаланбас бұрын, артықшылықтар мен кемшіліктерді ой таразысына салу керек. Компания туралы пікірлерді оқыңыз, тіркеуде бар-жоғын тексеріңіз, келісімшартпен мұқият танысыңыз және артық төлемді болдырмау үшін дер кезінде бас тартыңыз.
Заңнан хабары болмаған жағдайда тегін жеке қаржы сайттарының жұмысына сүйену дұрыс болар еді. Мысалы, Financer.com сияқты. Онда ең тиімді ұсыныстар туралы, сондай-ақ кейбір МҚҰ-ның артықшылықтары мен кемшін тұстары туралы ең жаңа және тексерілген ақпараттар жинақталған. Financer.com мамандары несиелерді жинамайды, тек нарықтағы барлық ұсыныстарды салыстыра отырып, сізге ең тиімдісін таңдауға көмектеседі. Сіз слайдерде қажетті соманы көрсетсеңіз – несие құны бойынша сұрыпталған нұсқалар тізімін аласыз. Несие мен пайыздық калькулятордың көмегімен несиелер мен депозиттер бойынша нақты мөлшерлемелерді есептеу оңай. Сондай-ақ, мамандарға тақырып бойынша сұрақтарыңызды қоюға, өз пікіріңізді қалдыруға және басқа пайдаланушылардың пікірлерін оқуға мүмкіндік беретін интерактивті бөлім бар. Ең тиімді несие шарттарын таңдау үшін Financer.com мамандарына сеніңіз.