Еуропаның алты ірі компаниясы өндірісі мен кеңселерін Қазақстанға көшіруге шешім қабылдады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Премьер-министрдің айтуынша, Ресей нарығынан шығып кеткен 300-ден аса еуропалық компаниялармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
"Өндіріс орындарын көшіруге 50-ден аса компания қызығушылық танытты. Алты компания шешім қабылдап, өндіріс орындары мен кеңселерін Қазақстанға көшіріп жатыр. Қалған компаниялар атқарушы органдармен, министрлікпен, жергілікті компаниялармен келіссөз жүргізіп жатыр", - деді Смайылов Сенат отырысында.