30 қыркүйектегі сауда-саттық нәтижесі бойынша Еуропада газ бағасы тарихи рекорд жаңартып, 1 мың текше метрдің бағасы $1180 жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған ICE биржасындағы деректер дәлел болып отыр.
Нидерландта TTF хабында газдың қарашадағы фьючерстерінің бағасы 1 мың текше метрі 1178,6 долларға немесе МВт/сағаты 98,175 еуроны құрап отыр.
Газдың бағасы бір тәулікте 12,5% өскен.
«Газпром» басқарма төрағасы Алексей Миллер Еуропаның Жерасты газ қоймасында газ өндіру әлдеқайда артта қалып қойғанын мәлім еткен болатын.
Газға деген сұраныстың артуына байланысты Еуропада оның бағасы рекордтық көрсеткішке жетіп, таяу уақытта қатты қымбаттайтынын хабарлады.