Бүгін Брюссель қаласында Еуропалық Одақ мемлекет басшыларының саммиті жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бірінші жұмыс сессиясы кезінде біз энергия жеткізушілердің пандемиядан кейінгі қалпына келуді қиындатып, азаматтарымыз бен бизнеске күрделі жағдай тудырған қазіргі баға өсімін қарастырамыз. Еурокомиссияның жақында жасаған мәлімдемесіне негізделіп, біз ең көп зардап шеккендерге қысқа мерзімді көмек тұрғысынан, сондай-ақ ортамерзімді және ұзақмерзімді тұрғыдан ЕО және ұлттық деңгейде не істей алатынымызды қарастырамыз», - делінген Еуропалық Одақ басшысы Ш.Мишельдің мәлімдемесінде.
«Біз сондай-ақ COVID-19 пандемиясына байланысты қазіргі жағдайды ортаға саламыз. Пандемия әлі аяқталған жоқ, мүше мемлекеттердің кейбіреулерінде әлі де өсіп жатыр. Вакциналау COVID-19 вирусына қарсы күресті айтарлықтай ілгерілетті, алайда вакцина алу және теріс ақпарат таратуға қатысты әлі де көп іс тындыру қажет», - деп мәлімдеді Ш.Мишель.
Осы күндері ауа райына байланысты Еуропада газ бағасының бір мың текшеметрі үшін 1101 долларға дейін төмендеуіне септігін тигізген. Ауа температурасының жоғарылауы мен желдің күшеюі байқалып отыр, бұл жылыту жүйелеріне түсетін салмақты төмендетіп, жел электр стансаларының өнімділігі артып отыр.