16 қыр, 2021 сағат 10:50

Еуроодақ Ауғанстанға гуманитарлық көмекті 100 млн еуроға ұлғайтпақ


Сәрсенбі күні Еурокомиссия басшысы У.Ляйен Еуропарламенттің пленарлық сессиясында «Еуропалық Одақтың жағдайы туралы» сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

У.Ляйен Еурокомиссия жұмысының нәтижесін, Еуроодақтың даму бағыты мен өзекті қатерлерін атап өтті. Оның айтуынша, ЕО гипербәсекенің жаңа дәуіріне қадам басқан. 

«Қазір аймақтық бәсекелестік және ірі державалардың бір-біріне назарын қайта бағыттау дәуірі», - деді Еурокомиссия басшысы. 

«Ауғанстандағы соңғы оқиғалар бұл өзгерістің себебі емес, бірақ олар – оның симптомы болып табылады», - деп атап өтті У.Ляйен. 

У. Ляйен Еуроодақ Ауғанстан халқын, әйел, бала, прокурорлары, журналисі мен құқық қорғаушыларын қолдайтынын хабарлады. 

«Мен қазір түрмеде шыққан ерлерден қашып, жасырынып жүрген әйел судьялар туралы ойлаймын. Олар сот төрелігі мен заңның үстемдігіне қосқан үлесі үшін тәуекелге барды. Оларды қолдауымыз керек және оларды қауіпсіз жерге жеткізу үшін мүше мемлекеттермен барлық жұмысты үйлестіреміз. Біз елдегі және көрші елдердегі барлық ауған халқын қолдауды жалғастыруымыз керек. Біз үлкен аштық пен гуманитарлық апаттың нақты қаупін болдырмау үшін бәрін жасауымыз қажет. Біз өз жұмысымызды жасаймыз. Ауғанстанға гуманитарлық көмекті тағы да 100 млн еуроға ұлғайтамыз. Бұл біздің барлық күш-жігерімізді біріктіру үшін келесі аптада ұсынатын Ауғанстанды қолдаудың жаңа, неғұрлым кеңейтілген пакетінің бір бөлігі болады», деп атап өтті өз сөзінде У.Ляйен.