Біріккен Ұлттар ұйымының климатты өзгерту бойынша 26-шы конференцияны өткізу – дұрыс бағыттағы қадам. Мұндай пікірді Еурокомиссия басшысы Урсула вон дер Ляйен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жаһандық жылынуды Цельсий бойынша 1,5 градусқа шектеу қол жетерлік деңгейде қалып отыр, бірақ жұмыс әл де аяқталудан алыс. Біздің қазіргі кезде қолдан келетініміз – Глазгодағы саммитте берген уәделерімізді іске асыру, одан кейін одан да жоғары деңгейге жетуге ұмтылу», - деп атап өтті У.Ляйен.
Еурокомиссия басшысы еуроиституттың атқарушы вице-президенті Франс Тиммермансқа оның Глазгодағы келіссөздерде шешуші рөлі және КС-22 келісімі мүмкін болуы үшін атсалысқандардың барлығына алғысын білдірді.
У.Ляйен Глазго қаласындағы конференцияның басында үш мақсат қойылғанын атап өтті, олар:
1) жаһандық жылынуды 1,5 градусқа дейін шектеу бойынша мақсаттан қалып қоймау үшін ағымдағы онжылдық ішінде қалдықтарды қысқарту бойынша міндеттемелерге жету.
2) дамушы және осал елдер үшін жылына 100 млрд доллар көлемінде климаттық қаржыландыру мақсатына жету.
3) Париждік климат жөніндегі келісушіліктердің ережелер жинағын келісу.
«Біз аталған үш мақсат бойынша прогреске қол жеткіздіке. Осылайша, бірнеше ірі эмитент қалдықтарды қысқарту бойынша жаңа мақсаттары туралы жариялады. Метан бойынша Жаһандық келісушілікке 100-ден астам ел қосылған. Біз елдерді, мысалы Оңтүстік Африканы жаңа энергияға өтуі кезінде қолдау үшін жаңа серіктес қатынастарды бастадық», - делінген хабарламада.
«Глазгода жарияланған ұзақмерзімді міндеттемелер орындалатын болса, біз жаһандық жылынуды 2 градустан төмен деңгейде сақтауымыз қажет. Сондықтан келесі жылы Мысырда өтетін климат бойынша конференцияның бізді жаһандық жылынуды 1,5 градусқа шектеу жолына берік қоятындай жұмыс істеуіміз керек. Әрқайсы жауапкершілікті жүктеуі тиіс. 2030 жылға қарай біз Еуроодақта қалдықтарды кем дегенде 55 пайызға қысқартып, 2050 жылға қарай алғашқы «климаттық бейтарап» боламыз. Серіктестерімізді олардың климаттың өзгеруіне өтуін жылдамдату жолында қолдауымызды жалғастырамыз», - деп атап өтті У.Ляйен.