Еуропаның орталық банкі (ЕОБ) еуроаймақтағы қарқынды өсіп келе жатқан инфляцияның өсуін тежеу үшін 11 жыл ішінде алғаш рет пайыздық мөлшерлемені көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
Мөлшерлеме 0,5 пайыздық тармаққа 0,0%-ға дейін көтерілді. Банк сондай-ақ биыл осы көрсеткіштің одан әрі өсу мүмкін екенін мәлімдеді.
2014 жылдан бастап мөлшерлеме теріс болған еді. Бұл бірнеше жыл баяу өсіп келе жатқан еуроаймақтың экономикалық өсімін ынталандыру үшін жасалды.
Алайда маусым айының басынан бастап 12 ай ішінде азық-түлік, отын және энергия көздері құнының күрт өсуіне байланысты тұтыну тауарларының бағасы рекордтық деңгейде 8,6%-ға өсті.
Англия банкі мен АҚШ Федералды резервтік жүйесі бағаның өсуін тежеу мақсатында өз мөлшерлемелерін көтергеннен кейін EОБ да мөлшерлемені көтерді.
Украинадағы соғыс және COVID-19 пандемиясына байланысты проблемалар әлем бойынша күнделікті шығындардың өсуіне әкелді.