19 нау, 2021 сағат 10:00

Ет экспорты: Түркістан облысында бұл кәсіп көш бастады

Бүгінгі таңда Түркістан облысында ет экспорты бойынша кәсіп көш бастап, дөңгелеп тұр. Оның бірден бір дәлелі, аталған өңірде 5,4 мың тонна мүйізді ірі қара етін экспорттап, респубика бойынша ірі қара еті экспортының 74%-ын иеленді. Яғни аталған облыс ірі қара мал экспорттаудан республика бойынша 1 орынға шықты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, эпидемиологиялық жағдай тұрақталса, соған сай әлемдік экономика мен ішкі сұраныс қалпына келсе, 2021 жылдың екінші жартысына қарай жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) жағымды зонаға қарай ауысады. Бұл туралы банк басшылығы былай түсіндіріп отыр:

«Осы жылдың өсім қарқыны 3,7–4,0 пайыз болады. 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында осы өсім қарқыны сақталады деген болжам бар. Эпидемологиялық жағдайдың жақсаруы тұтынушылар арасында белсенділікті арттырып, еңбек нарығындағы жағдайды қалпына келтіреді, халықтың шынайы табысы мен тұтыну несиелерінің артуына ықпал етеді. Бірқатар өңірде карантиндік шектеулерді қайта енгізумен күшейген ішкі сұраныстың айтарлықтай айқын дезинфляциялық ықпалына байланысты инфляция болжамы төмен қарай қайта қаралды. Жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7,3–7,5 пайыз шегінде бағаланып отыр» дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

Жоғарыдағы ет экспорты бойынша, Түркістан облысы қой етінің 38% (491,1 тн.), құс етінің 25% (2734,3 тн.) экспорттайды. Мәселен, биыл жыл басынан бері екі айда 454,5 тонна сиыр еті, 84 тонна қой еті, 400 тонна құс еті экспортталды.

Естеріңізде болса, 2011 жылы ҚР Үкіметі тарапынан қабылданған «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы және осының аясында жүзеге асырылып жатқан салалық «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» несиелік бағдарламалары өңірде мал шаруашылығын дамытуға үлкен серпін беріп, мал басы мен өнімділік жылдық 6-7 %-ға өсім тұрақты қамтамасыз етілді. Бұл туралы облыс әкімі былай дейді:

«Былтыр облыстан тірідей 39 мыңдай бас ірі қара, 18 мың бас қой, 664 бас жылқы экспортталса, 2021 жылдың 2 айының өзінде 20 мыңнан астам ірі қара мал, 18 мыңға жуық қой, 30 бас жылқы, 15 бас түйе экспортталды», - деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Бүгінгі күнде, облыста 1000 бастан жоғары 22 мал бордақылау алаңдары (сыйымдылығы 42,7 мың бас), 400 – 1000 бас аралығында 18 мал бордақылау алаңдары (сыйымдылығы 8,0 мың бас), 50 – 400 бастық 82 шағын мал бордақылау алаңдары (сыйымдылығы 9,8 мың бас) және 10 – 15 бастық 10265 отбасылық алаңшалар (сыйымдылығы 113,0 мың бас) жұмыс жасап жатыр. Аталған бордақылау алаңдарында 131,0 мың бас бұқашық бордақылануда.

Облыста мал шаруашылығы өнімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы жануарларын асылдандыруға мән берілген. Осы орайда, қолда бар ірі қара аналықтың 38% асыл тұқымды бұқамен түрлендіріліп, қатысу үлесі жөнінен Республикада – 2 орын болса, қойдың 73% асыл тұқымды қошқарлармен түрлендіріліп, Республикада – 1 орында. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда шет елдерден 20 мың бас асыл тұқымды аналық ірі қара мал сатып алынды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы 5,4 мың тонна мүйізді ірі қара етін экспорттап, респубика бойынша ірі қара еті экспортының 74%-ын иеленді. Яғни аталған облыс ірі қара мал экспорттаудан республика бойынша 1 орынға шықты. Сонымен қатар, Түркістан облысы қой етінің 38% (491,1 тн.), құс етінің 25% (2734,3 тн.) экспорттайды. Мәселен, биыл жыл басынан бері екі айда 454,5 тонна сиыр еті, 84 тонна қой еті, 400 тонна құс еті экспортталды.