05 жел, 2019 сағат 15:34

Есірткімен айналысқан Ақмола облысының 4 тұрғыны ұсталды – ҰҚК

ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті «PVP» синтетикалық есірткі тарататын ұйымдасқан топты ұстады, – деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

«Ақмола облысының аумағында әлеуметтік желілер мен Интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар Ақмола облысының төрт тұрғыны ұсталды.Ұсталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша 300 г астам «PVP» (пиролидиновалерофенон) синтетикалық есірткісі, алынған заттардың қалдықтары бар ыдыстар, оларды орауға арналған полиэтилен пакеттері, есірткі тұтынуға арналған құрылғылар және электронды таразы алынды» делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті осы фактіні ҚР ҚК 297-бабы 3-б. бойынша СТБТ-ға тіркеді. Ұсталған адамдар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.