11 қаз, 2023 сағат 16:32

Есік қаласының әкімі пара алды деп күдікке ілінді


Алматы облысы Есік қаласының әкімі пара алды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттері бойынша азаматтардың шағымдарына жедел ден қою нәтижесінде жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасауда Алматы облысы Есік қаласының әкімі әшкереленді.

Ол қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деп күдікке ілінді.

Күдікті кінәні толығымен мойындады" - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.