Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында атыс болды. Полиция бұл деректі растады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, орталық ауруханаға 18 және 30 жастағы тұрғындар жеткізілген.
"22 шілде Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласының көшелерінен атыс дауысы естілгендігі жөнінде хабарлама түсті. Тексеру барысында аудандық ауруханаға 18 және 30 жастағы Есік қаласының тұрғындары түскені анықталды.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіруге оқталу бабы бойынша тергеліп жатыр. Бүгінде полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды", - деді Алматы облысы ПД өкілдері.