Иллюстрациялық фото: elements.envato.com
Алматы облысы Есік қаласында 4 жасар қыз зорланды. Қайғылы оқиға туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Анасының туысы болса керек. Ол дүкенге шығып кеткен. Балаға шұғыл түрде ота жасалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа тыйым салу бойынша заңдардың болмауы қоғамның деградациясына және азғындыққа әкеледі", - деді Таңсәрі.
Бұл ретте Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдіріп, зорлау дерегін растады. Ол 13 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген.
"Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысының 43 жастағы тумасы ұсталып, қазір қамауда отыр. Болжам бойынша, күдікті ер адам соңғы бірнеше күн бойы жәбірленушінің отбасында қонып, мас күйде болған", - деді полицияның баспасөз қызметі өкілері.