Фото: elements.envato.com
Есеп комитеті өкілі Қазақстанға аяқ киім әкелу бойынша деректерде сәйкес келмейтін тұстары барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова Мәжіліс отырысында кедендік әкімшілендіру саласындағы аудиттің қорытындысы бойынша Қазақстанға әкелінетін аяқ киім туралы деректерде сәйкессіздік анықталғанын айтты.
"Халықтың бір бөлігі жалаңаяқ жүруі керек деген қорытындыға келдік. Ешкім жалаң аяқ жүрмейді, қыста, жазда, күзде бәрі аяқ киіммен жүреді, бәрінде бірнеше жұп аяқ киім бар. Ал аяқ киім - арзан өнім. Қымбат өнеркәсіп жабдықтары, сандық жабдықтар және т.б. туралы айтсақ ше?" - деді Есеп комитетінің басшысы.