15 мау, 2022 сағат 15:17

Ертіс өзеніне батып кеткен Қытай азаматының денесі табылды


11 маусым күні орталық жағажайда 24 жастағы шетелдік азамат суға батып кетті, мәйіт оқиға орнынан 11 шақырым жерде судан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«14 маусым сағат 17.42 кезінде оқиға орнынан 11 шақырым жердегі Ертіс өзенінің Желпақ ағысы маңында құтқарушылар ер адамның денесін тауып, оны Ертістің сол жағалауына жеткізді. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Осылайша, құтқарушылар 11 маусымда Павлодар қаласының орталық жағажайында суға батып кеткен 24 жастағы Қытай азаматының денесін тапты. 

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оны 14 маусым күні сағат 08.50-де іздеп бастаған. 

Суға батып кеткен азаматты іздеуге 6 құтқарушы, 1 қайық пен 1 машина қатысты.