Фото: Tengrinews.kz
9 қарашада Қонаев қаласынан Алматыға дейін электр пойызы қайта қатынай бастайды. Бұл туралы Қонаев әкімі Нұрлан Құматаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта пойыз тоқтайтын платформаны жөндеу, абаттандыру жұмыстары аяқталып жатыр.
«9 қарашадан бастап электричкалар Алматыға жүре бастайды. 2-3 күн болды cоған дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Қазір барлық жұмыскерлер қызмет істеуде», - деді Нұрлан Құматаев.
Еске салайық, 19 қазанда Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы электр пойызын қайта іске қосуды тапсырған еді.