ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ертеңнен бастап барлық облыста жұмысын қайта бастайтын кәсіпорындардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысы экономиканың кейбір секторындағы кәсіпорындардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырған еді. Ертеңнен бастап барлық облыста және 1 мамырдан бастап Шымкент қаласында өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар, құрылыс компаниялары, көлік, қойма және логистика саласындағы компаниялар, автосалондар мен СТО-лар, екінші деңгейлі банктер, нотариустер мен ХҚО-лар жұмысын бастайды», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасындағы онлайн баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде төтенше жағдай режимі биылғы 11 мамырға дейін ұзартылатынын айтты.