13 ақп, 2020 сағат 15:30

Ерлан Атамбай «Kókshe» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен Ерлан Атамбай «Қазақстан» РТРК» АҚ филиалы «Kókshe» телеарнасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ерлан Нұрбайұлы Атамбай телевизия саласында 20 жылға жуық уақыттан бері қызмет етіп келеді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясындағы еңбек жолын 2013 жылы бастады. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының Бас редакторы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті конвергенттік редакциясының жетекшісі қызметтерін атқарды.

Бүгінгі тағайындауға дейін Е.Атамбай «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры қызметінде болды.