19 қаң, 2023 сағат 13:38

Тәрбиешілер балаларды ұрып-соққан: Полиция қылмыстық із қозғады

видео кадрлары

Астана тұрғыны баланы дамыту орталығында тәрбиешілер тарапынан ұлына қатыгездік жасалғанын айтып,  шағым түсірген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"17 қаңтарда елорда тұрғыны полицияға "Балам-Ай" баланы дамыту орталығында оның кәмелетке толмаған ұлына қатыгездікпен қарау фактісі бойынша жүгінді.

"Алматы" аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша кінәлі адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады" - делінген хабарламада.