Фото: tccb.gov.tr
Түркияда 28 мамырда өткен дауыс берудің екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Режеп Тайып Ердоған ресми түрде президенттік сайлаудың жеңімпазы деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Сайлаудың түпкілікті нәтижелерін Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің басшысы Ахмет Енер жариялады. Оның мәліметінше, Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға байланысты барлық арыз бен өтініш бойынша шешім қабылдады.
"Түркияда 28 мамырда өткен дауыс беруге 52 093 375 сайлаушы қатысты. Дауыс беруге қатысқандар - 85,72 пайыз. Шетелдік сайлау учаскелерінде, оның ішінде шекаралық бекеттерде 1 миллион 930 мың 226 азамат дауыс берді. Дауыс беру көрсеткіші 56,34 пайыз болды. Жалпы Түркияның 54 024 601 азаматы сайлау құқығын пайдаланды. 28 мамырда сайлаушылардың жалпы қатысуы 84,15 пайызға жетті", - деді Йенер.
ОСК басшысы президенттік сайлаудағы дауыс берудің екінші кезеңінің түпкілікті қорытындысы бойынша Режеп Тайып Ердоған 52,18 пайыз (27 834 589 бюллетень), Кемал Кылычдароглу 47,82 пайыз (25 504 704 бюллетень) дауыс жинағанын айтты.