© AFP 2023 / MIKHAIL KLIMENTYEV
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған күзде Қазақстанға келеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Биыл 3 қарашаға жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық оныншы саммитіне Президент Режеп Тайып Ердоған мырзаның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жумылдыруға уағдаластық", - деді Нұртілеу Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен өткен кездесуден кейін.
Оның айтуынша, саммит - серіктестігімізді стратегиялық тұрғыда дамытудың тағы бір жолы.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанға ресми сапармен Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан келді.
Еске салайық, Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті Түркістан қаласында өтеді.