Бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреуіне не әсер еткенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Осы жылғы қазанда дамушы елдердің валюталары АҚШ пен бірқатар Еуропа елдерінде коронавирустың қайталану тәуекелін іске асыру аясында әлсіреуді жалғастырды. Мысалы, түрік лирасы бір айда
8, Ресей рублі - 2,2, Бразилия реалы - 2,3 пайызға әлсіреді. Басқа дамушы елдердің валюталарымен қатар жалпы тенденциялар мен мұнай бағасының төмендеуіне байланысты Қазақстан теңгесі бір айда бір АҚШ доллары үшін 431,81 теңгеден 432,66 теңгеге дейін 0,2 пайыз әлсіреді», - деді ҰБ төрағасы.
Бұл ретте ол кепілдік берілген трансферт аясында Ұлттық қордың активтерін конвертациялау және квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюта түсімінің бір бөлігін міндетті түрде сатуы осы жылғы қазанда теңгенің әлсіреуін тежегенін айтты.
«Осы жылғы 9 қарашада биржадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің айырбас бағамы ай басынан бері 0,3 пайызға нығайып бір АҚШ доллары үшін 431,17 теңгені құрады», - деді Ерболат Досаев.