2020 жылы теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 382,60 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 10 пайызға құлдырады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2020 жылғы желтоқсанда мұнай бағасының өсуі және экспорттаушылардың салық төлемдерін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сатуы есебінен өскен ішкі ұсыныспен қатар тәуекелді активтерге сұраныстың артуы теңгенің айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 425,07 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 1 пайызға нығаюына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, 2020 жылы ұлттық валюта дамушы елдердің басқа валюталарымен қатар инвесторлардың тәуекел активтерінен шығуына әкелген коронавирустан туындаған дағдарыс аясында әлсіреді», - деді ол.
Мәселен, оның айтуынша, Бразилия реалы 29, түрік лирасы 25, ал Ресей рублі 19,3 пайызға әлсіреді. 2020 жылы теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 382,60 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 10 пайызға құлдырады.
«Cыртқы жағдайлардың жақсаруына байланысты және Ұлттық банк Үкіметпен бірлесе отырып қабылдаған шаралар кешенінің арқасында теңгенің айырбастау бағамы наурыздағы 448,5 теңгеге дейінгі құлдырауын біршама артқа қалдырып жылды жапқанын атап өту маңызды. Биылғы 11 қаңтарда биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша айырбастау бағамы айдың басынан бері тағы да 0,4 пайызға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 419,18 теңге болды», - деді Ерболат Досаев.