Фото: ia-centr.ru
ҚМА Ақмола облысы бойынша Департаменті қаржы пирамидасының белгілері бар «Eolus» инвестициялық жобасы бөлімшесінің қызметіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Аталған компания үш ай бойы салымшыларды тарту мақсатында қызмет жасаған.
«Eolus» өзін шет елдерде орналасқан жаңартылатын энергия көздерін, жел электр генераторларын енгізумен айналысатын компания ретінде көрсетті.
Бұл жобаны ұйымдастырушылар өз бизнесінің жоғары табыстылығы туралы презентациялар жасай отырып, азаматтарды салым сомасының 3% көлемінде пассивті күнделікті кіріс алуға уәде бере отырып, ақша салуға сендірді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды», - делінген хабарламада.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.