09 шіл, 2021 сағат 10:34

ЕО Ұлыбританиядан қоғамдастық құрамынан шығуы үшін 47,5 млрд еуро талап етпек


Еуроодақ Ұлыбритания Брюссельге қоғамдастықтан шығу үшін шамамен 47,5 миллиард еуро (56,2 миллиард доллар) төлеуі керек деп санайды. Бұл туралы бейсенбіде Ирландияның RTE телеарнасы ЕО-ның 2020 жылға арналған шоғырландырылған бюджеті туралы алдын ала есебіне сілтеме жасап хабарлады.

Әңгіме Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы туралы шарттың 140 және 143-баптарын имплементациялау туралы болып отыр. Онда Лондон 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша түпкілікті нәтижеге жеткізілмеген бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін Ұлыбританияның қоғамдастық бюджетінен бөлінген қаражаттың бір бөлігін Еуроодаққа қайтаруға міндеттелетіні айтылған. Сонымен қатар, Біріккен Корольдік қол қойылған келісімде ЕО шенеуніктеріне сақтандыру және зейнетақы төлемдері бойынша міндеттеме алды. 

Енді бұл соманы қараша айында Еуропалық Есеп палатасы бекітуі керек. 

Телеарна атап өткендей, 6,8 млрд еуро көлеміндегі бірінші траншты Лондон келесі жылы ЕО-ға жіберуге міндеттеме алды. Жалпы алғанда, Brexit туралы шартқа сәйкес төлемдер бірнеше онжылдыққа бөлінеді.

Ұлыбритания бірнеше жылға созылған келіссөздерден кейін 2020 жылдың 1ақпанына қараған түні Еуроодақтан шықты.